Ән-би байқауы «Әнші балапан»

«Әнші балапан» өнер байқауы.
Құрметті көрермендер, ұстаздар,балалар және ата-аналар. Бүгін өткізілгелі отырған

«Әнші балапан» байқауына қош келдіңіздер.
1-жүргізуші:
Көңілдері марқайып бір қалсыншы
Өнерпаздар шырқап әнге салсыншы.
2-жүргізуші:
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздегі береке мен тыныштық мәңгі жасасын.
Иә қазақ халқы өнерді жоғары бағалап, оларға ерекше құрмет көрсеткен. «Сал, сері» деген атаулар беріп ыстық ықыласқа бөлеген.
1-жүргізуші:
Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді.
Ендеше біздің мектебімізде осындай балалар барма?
2-жүргізуші:
Олай болса тұрмайық байқауымызды бастайық.Әділ баға беретін Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1- жүргізуші:

Мұңға батқан жүректі ән оятар
Тәтті үннің әсері жан оятар
Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап
Жас балаша көңілді жадыратар- дей келе, «Ертегілер әлемі»әнімен Ерланқызы Алтынайды қарсы алыңыздар.

2- жүргізуші:
Бал дәуренім тәтті балдай
Отаным менің әсем қандай
Еркін елім еркелеткен
Мен қызымын жазық маңдай,-дей келе,ортаға мың бұралған биші қызымыз «Испан» биімен Майқы Аяулымды ортаға шақырамыз.
1- жүргізуші:
Өз елім өлеңім, де өнерім де
Бақытты, қайтпас қайсар өр елімде
Еліме арнап бар ғұмырымды
Шаттанып жүрейін тек өз елімде
«Көңілді күн» әнімен Қанағатова Томиристі қарсы алайық.

2-жүргізуші:

Тал шыбықтай бұралып,

Биші болам өскенде.

«Қазақ» биімен Аманғазы Айзаданы ортаға шақырамыз.

1- жүргізуші:
Орындап ата-ана өсиетін
Баламын жасы үлкенге бас иетін
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін,-ортаға «Әке-Ана» әнімен Отанов Исламды шақырамыз.

2-жүргізуші:

Жас дәуірдің түлегіміз,

Би билеу біздің өнеріміз

Әрқашанда аман бол,
Осы біздің тілегіміз- дей келе сахнада

« Үнді»биімен Амантаева Айсұлуды қарсы алыңыздар.

Қазақ халқында әншілік, бишілік, сазгерлік, ақындық қасиеті тоғысқан сегіз қырлы бір сырлы жандарды «өнерлі» деп атаған.Ендеше осы өнер қайдан шығады?

1- жүргізуші:
Сен бір нәрсені айтпай тұрсың. Қазақта «Асыл тастан, өнер жастан» деген мақал бар. Қай өнер болса да жастайынан машық болу керек.Әрине бар.

Ертең-ақ мен ержетіп
Әншілердей боламын
Үлгі тұтып жақсыны
Менде әнге саламын,-
дей келе «Балдырған»әнімен Рахметова Аружанды қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші:

Әрбір ғажап әлемге арнап,

Әсем би билеп берейін.

«Қазақ»биімен ортаға Берікболова Еркеназды шақырамыз.

1-жүргізуші

Есімде ең алғаш,
Еркелеп келгенім,
Ерте-кеш демалмас
 
Анамсың сен менің.

«Ақ мамам» әнімен Нұрмұханова Дильназды қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

Біз доспыз гүлдермен, 
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.

ортада «Үнді» биімен Еркебуланова Дильназды тамашалаңыздар.
1- жүргізуші:
Сахнада ән сап жүреді,
Айшаны бәрі біледі.
Қазіргі бізге тартуы,
Әсем ән «Ертегілер әлемі»
«Ертегілер әлемі» әнімен Абсамат Айшаны қарсы алыңыздар.

2- жүргізуші:
Достық, достық жасасыншы мәңгілік,
Достықты жүрейік тек ән қылып.

«Үнді»биімен Абсамат Айшаны ортаға шақырамыз.
1- жүргізуші:
Ауылымның аңсаймын,

Таңғы жұпар ауасын.
Шаршағанда жаныма,

Өзің ғана дауасың,- деп ақындарымыз жырлағандай ортаға «Қошақаным» әнімен Төлегенов Мерейді қарсы алыңыздар.
2- жүргізуші:
Татулық пен достық біздің Отанды,
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып.

«Қара жорға»биімен «Қырандар»тобын тамашалаңыздар.
1- жүргізуші:
Енді «Әнші балапан» байқауының жеңімпазын анықтау үшін ортаға әділқазы алқаларын шақырамыз.Әділқазылар ең жақсы ән,би орындаған балаларды айтып мақтау қағазбен марапаттайды.

2-жүргізуші:Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар,баршаңызға көп рахмет!!!

Комментариев нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

4 + 6 =

Дошкольное образование
Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»

Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы «Таңшолпан» балалар бақшасы Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай» Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойынын дәріптеу арқылы балалардың интелектуалдық, тапқырлық, ептілік қабілеттерін дамытуға ықпал ету. Патриоттық сезімдерін ояту, Отанға, туған өлкеге сүйіспеншіліктерін ояту. - Балалар, бүгінгі ойнайтын ойынымыз «Ханталапай». Бүл ойын атадан балаға, үлкеннен- кішіге мұра болып …

Дошкольное образование
Авторская дидактическая игра по УМК «Весёлый поезд»

Дидактическая игра «Веселый поезд» Цель: обогащение активного словарного запаса существительными, обозначающими диких животных домашних животных и птиц; выработка умений понимать и употреблять в речи вопросительные предложения со словами где, какой, на чем, около чего? ; развитие логического мышления и памяти, мелкой моторики рук. Описание: В процессе игры ребенок в первую …

Дошкольное образование
Авторская дидактическая игра «Чудо — шарики»

Вашему вниманию предоставлена конкурсная работа старшего воспитателя Фатхуллиной Н.Н. «Играем, развиваемся, растем», которая содержит авторскую дидактическую игру «Чудо-шарики», соответствующую ФГОС ДО. Пояснительная записка к авторской дидактической игре «ЧУДО-ШАРИКИ» Автор: Фатхуллина Нафиса Нафисовна, старший воспитатель МБДОУ «Детский сад присмотра и оздоровления № 6 «Звездочка» города Азнакаево Азнакаевского муниципального района Республики Татарстан. …