Мұнай және табиғи газ

күні:09.12.14 пәні:дүниетану 3 «ә» сынып

  1. Сабақтың тақырыбы:

Мұнай және табиғи газ.

Жалпы мақсаты:

  1. Оқушылардың жанғыш пайдалы қазбалар – мұнай мен газдың қасиеттері туралы түсініктерін қалыптастыру. Оны пайдаланатын сала туралы түсінігін кеңейту.

  2. Пайдалы қазбалар ел байлығы екнін түсіндіре отырып, оларды қорғауға және сақтауға баулу.

  3. Күтілетін нәтиже

Жанғыш пайдалы қазбалар мұнай мен газдың  қасиеттері туралы біледі.Адам өміріндегі маңызын біледі.Пайдалы қазбалар топтамасын ажырата біледі.

Негізгі идея пайдалы қазба

Мұнай        табиғи газ

Оқыту әдісі

Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс

Сабақтың көрнекілігі:

Кесте,оқулық ,Қазақстан картасы

І.Ұйымдастыру :Психологиялық дайындық: Табиғат - біздің анамыз, 
Табиғатқа баламыз. 
Табиғатты қорғайтын, 
Біз әдепті баламыз. 
Жер байлығы көп екен, 
Меңгеруді қалайды. 
Осының бәрін меңгертер, 
Дүниетану сабағы. 
 

1.Сәлемдесу

2.Оқушыларды түгелдеу.

3.Топқа бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

Пайдалы қазбалар

ІІІ.Талқылау үшін сұрақтар берілді.

- Құм неден тұрады? Құмнан не жасайды? Саз қандай болады? Саздан не жасалады? Тұз не үшін керек? Адам тұзды не үшін пайдаланады?

ІҮ.Назарларын жаңа сабаққа аудару

Топпен жұмыс:

Ой шақыру: «Адам өмірі жерасты байлықтарына тәуелді» дегенді қалай түсінесің?

Сабақтың мақсаты мен міндеті:

Жұмбақ шешу:

1.Маң далада бұйығы,

Сөнбей жанса шырағы,

Жер астының сұйығы

Фонтан болып шығады.   (мұнай)

2.Көгілдір түсі бар,

Тас балқытар күші бар.        (газ )

Топпен жұмыс: жаңа материалды оқу

оқулықтан мұнай жайлы оқу,

мұнайға сипаттама, постер

СТО  Тест:

1. Пайдалы қазбалардың түрлері өте көп. (Иә)
2. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай негізгі 4 топқа бөлінеді.(Жоқ. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай негізгі 3 топқа бөлінеді )
3. Жанғыш пайдалы қазбаларға темір, мыс, қорғасын жатады.( Жоқ. Жанғыш пайдалы қазбаларға тас көмір, мұнай, газ жатады.)
4. Тас көмір – өте аз өндірілетін пайдалы қазба. (Жоқ. Тас көмір – ең көп өндірілетін пайдалы қазба)
5. Тас көмір тек отын ретінде ғана пайдаланылмайды, одан басқа да көптеген заттар алынады. (Иә.)
6. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте аз.(Жоқ. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол)
7. Мұнай – қызуы аз отын. (Жоқ. Мұнай – өте қызулы отын).
8. Мұнай күл қалдырмай түгел жанып кетеді. (Иә.)
Ү.Жеке жұмыс Өзіңді-өзің тексер:

-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

-Қай тапсырма қиындау болды?

-Тағы не білгілерің келеді?

ҮІ.Бағалау:Оқушылардың бағаларынан кейін қорытынды баға шығарамын.

ҮІІ.Үй тапсырмасы:

Күнделікті ашайық. 
Тапсырманы тізіп жазайық. 
Тараудан алған білімді 
Ұмытпай есте сақтайық. 
-« Пайдалы қазбаға» 5 жолды өлең құрастыру

Кері рефлексия:

Сабақтың мақсатына жеттім бе?

Нені дамытар едім.

Келесі сабақты қалай жоспарлаймын?

Талқылау үшін сұрақтарға жауап береді.

 

Топпен жұмыс.Ой бөліседі.

Комментариев нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

83 + = 88

Лабараторные
Бала Абай мен Барлас ақын. М. Әуезов.

Әдебиеттік оқу. Күні: 1.04.2014 Сабақтың тақырыбы: Бала Абай мен Барлас ақын. М. Әуезов. Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды ұлы ақын Абайдың бала шағымен таныстыру. Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. 2.Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту. 3.Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, …

Лабараторные
Қазақ тілі «Түбір және қосымша»

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түбір мен қосымша туралы мағлұмат беру.Түбір мен қосымшаны бір-бірінен ажырата білуге үйрету.Ой-өрісін дамыту,сөздік қорын дамыту.Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.Көркем жазуын қалыптастыру.Еңбекқорлыққа,мәдениеттілікке тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері: Талдау,сұрақ-жауап,ой-қозғау Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ Сабақтың көрнекілігі: слайд (Сиқырлы өлке,қария,алма ағашы),ойындар, мақал-мәтелдер,суреттер Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі …