Мен елімнің ертеңімін. Тәрбие сағаты.

Аудандық оқушылар үйі

"Мен елімнің ертеңімін"

тәрбие сағаты

"Көркем безендіру" үйірмесінің жетекшісі Каналбеков Қайсар

Жосалы кенті

2016 жыл

"Бекітемін"

" " қаңтар 2016 жыл

Аудандық оқушылар үйінің

директоры: Н.Наурызбаева.

Тақырыбы: Мен елімнің ертеңімін!

Мақсаты: 1. Оқушыларға тәуелсіз елімізді өркендету үшін Отанымызға білімді, саналы азаматтар керек екенін түсіндіру.

2. Сыни тұрғыдан ойлауын дамыта отырып, қиялын шарықтату, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

3. Қазіргі өмір талабына сай білімді, мәдениетті, салауатты өмір салтын дәріптейтін, адамгершілігі мол азаматтар болуға үйрете отырып, патриоттық тәрбие беру.

Әдісі: Ой шақыру,

Көрнекілігі: Түрлі- түсті қима қағаздар.

Кіріспе: Армысыздар, қымбатты ұстаздар ! Бүгінгі «Мен елімнің ертеңімін» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Менің елім-Қазақстан! Бұл әрбір дала перзентінің көкірегінде мақтаныш пен айтатын сөзі. Елбасы «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді. Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де сендерсіңдер. Сендер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіңдер. Бұл ғасыр-білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы шарт. Ақыл мен сананың, білім мен біліктің бәсекеге түсер ғасыры, ертеңін ойлайтын ел болғандықтан, елбасымыз шәкірт біліміне аса көңіл бөліп отыр. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән. Сондықтан сендердің алдарыңызда үлкен жауапкершілік тұр.

Әдеби монтаж.

Туған жерді сүю- парыз,

Сүю үшін білу- парыз.

Қасиетін ұғу- парыз,

Күзетінде тұру- парыз

Негізгі бөлім:

Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.

1 топ Отаншыл

2 топ Намысшыл

3 топ Білімді Мақал-мәтел айту

  1. Ой шақыру.

Мұғалім оқушылардың назарын тәрбие сағатының тақырыбына аударады. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен елімнің Ертеңімін». Еліміздің ертеңі өздері екенін айта отырып, «Еліміздің ертеңі болар ұрпақтар қандай болу керек?»- деген сұрақ қойылады. Әр топ ақылдаса отырып берілген қағаздарға жауап жазу керек

2. Мағынаны таңдау.

Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндірп өтеді.

Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.

3. Сұрақ-жауап ойыны.

Бұл ойында әр топтағы оқушыларға сұрақ жасырылған сурет қиындылары таратылады, жауабын дұрыс тапқан оқушы тақтаға барып, суретті дұрыс құрастыруы керек және суретте не бейнеленгенін айтып, қысқаша мағлұмат беру керек. ( суреттері)

Сұрақтары.

  1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? - (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

  2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? - (1991 жыл 16 желтоқсан)

  3. «Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

  4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр? . Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен 

  5. Әнұранның авторларын ата? - (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

  6. ҚР тұңғыш президенті кім? - (Н.Н.Әбішұлы)

  7. ҚР неше облыс бар? - (14 облыс)

  8. Республика күні? - (25 қазан)

  9. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? - (Тоқтар Әубәкіров)

  10. Конституция күні? - (30 тамыз)

  11. Облысымыздан шығатын газет? - (Сыр бойы)

  12. Ауданымыздағы киелі жер? - (Қорқыт ата кесенесі)

5.Ойтолғаныс.

1.Тапсырма. Мен елімнің ертеңімін. Мен бүгіннен бастап ....( Оқушы өзіне -өзі міндеттер жүктейді.) Мысалы: мен бүгіннен бастап тәртібімді жөндеймін, дәлізде жүгірмеймін, жаман сөз айтпаймын т.с.с.

2. Автор жазған тапсырмаларын орындыққа отырып оқиды.

Қорытынды: -Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өтеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі

-деген екен. Сондықтан халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ еліміздің егемендігін танытатын ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

Комментариев нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

+ 21 = 28

Другое
Қазақ тілінен «Спорт дүкенінде» тақырыбына сабақ жоспары. 7 сынып

7 «Б» сынып Қазақ тілі 8.11.16 жыл Сабақтың тақырыбы: Спорттық киім дүкенінде Сабақ мақсаттары: Білімділік: киім туралы білімдерін кеңейту, киім түрлерімен таныстыру, сөздік қорларын толықтыру.Дамытушылық: тақырып туралы ойларын кеңейту, эстетикалық талғамын дамыту, ауызекі сөйлеуге, алған білімдерін шығармашылыққа қолдана білуге дағдыландыру.Тәрбиелік: қазақ тіліне қызығушылығын ояту, оқушыларды жас ерекшелікке сәйкес киінуге, киіну мәдениетінің …