«Менің Қазақстаным – менің болашағым!» сынып сағаты

Сабақтын тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым!».

Сабақтың мақсаты:

1. Балаларға Ата заңы, Отан туралы түсінік

2. Оқушылардың патриоттық сезімдерін оятып, білімдерін кеңейту.

3. Балаларды өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдістері: Әнұран орындау, әңгімелесу, ойын, өлең оқу.

Сабақтың көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер суреттері, Н.Назарбаевтың портреті.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Қазақстан – туған елім, байтағым,

Қашан үнім таусылғанша айтамын,

Қарсы аламын Әнұранымен әуелеп,

Қазағымның алатын арай, әр таңын!

Мемлекеттік Әнұранды салтанатты түрде орындау.

Сәлеметсіздер ме оқушылар! Мен Сіздерді Білім күнімен құттықтаймын. Сіздерге тілейтінім зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан, елімізге тыныштық, отбасыларыңа қуаныш, оқуда табыс. Жаңа оқу жылы бізге тек табысты жеміс беретін болсын!

Бүгінгі алғашқы сабағымыздың тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым!».

Мұғалім:Мақсатымыз: туып өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтей, еліміздің Рәміздерін қастерлей, отан – отбасынан, туған жерден басталатынын түсіне білейік.

Экранда «Отан деген не?» сұрақ көрсетіледі. (Слайд)

Мұғалім: Отан деген не? Осы сөзді қалай түсінесіңдер?

(Оқушылар өз ойларын айтады).

Мұғалім:Ата Заңы туралы не білесіздер? Бұл қандай заң?

(Балалар өз білгендерін айтады).

Ата Заңым!

Арман әнім!

Сенен асқан бар ма бағым!

Жалғыз саған байланысты

Елімде еркін самғағаным.

Ата Заңым!

Бар мұратым,

Жалғыз кие жанды ұғатын.

Жаңсақ бассаң жолға салып,

Тәубаңды еске алдыратын.

Сергіту сәті: «Ойлан да, тап».

Бұл ойында мен сендерге сұрақ қоямын. Сұраққа жауапты білетін оқушы қол көтереді.

1. Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев).

2. Қазақстан Республикасының Астанасы қай қала? (Астана).

3. Қазастан Республикасының Мемлекеттік рәміздерге не жатады? (Әнұран, ту, елтаңба).

4. Ата Заңы қай күні, жылы қабылданды? (1991 жыл 30 тамыз).

5. Ал, Тәуелсіздік күні қай күні және жылы қабылданды? (1991 жыл 16 желтоқсан).

- Балалар, өте жақсы!

- Балалар Әнұранның авторларын білесіңдер ме, атап өтіңіздерші? Жұмекен Нұрсұлтан Шәмші

Нәжімеденов Назарбаев Қалдаяқов)

- Мемлекеттік Ту қай жерде қойылады?

  • Республика Президентінің сарайына

  • Ұлттық мерекелер кезінде

  • Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің,мемлекет-тік мекемелердің ғимаратта-рына

  • Әскери адамдар Отанға адал ант берген кезде

  • Қазақстанның шет елдегі елшіліктерінің ғимаратта рына орнатылады

- Өте жақсы, Мемлекеттік Гимн қай кезде орындалады?

1.Жиналыстар мен мәжілістерде;

2.Ескерткіштер орнатылғанда;

3.Шет елдердің мемлекет бас-шыларын қарсы алғанда немесе шығарып салғанда орындалады.

4.Гимнді міндетті түрде түрегеп тұрып тыңдайды.

Мұғалім: Ал енді сынып сағатының қорытындысы ретінде мына бір шумақты назарларыңа ұсынамын:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..

Қорытынды: Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін ортаға салды

Комментариев нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

57 − = 54

Классному руководителю
Ауған соғысына қатысқан жерлестеріміз

Тақырыбы: Ер есімі – ел есінде Мақсаты: Ауған соғысы жайлы мағлұмат беру, Ауған соғысына қатысқан жерлес жауыңгерлермен таныстырып, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ете отырып, Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу; Көрнекілігі: Слайдтар, видео сюжет, буклеттер, фотоапарат, Өтетін орны: Акт залы Өту барысы: І. Кіріспе …

Классному руководителю
Қазақ әдебиеті бойынша сабақ жоспары «Ш.Құдайбердіұлы» (10 сынып)

Күні: Пәні: Сыныбы: Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы және оның өмірі мен шығармашылығы (жалпы шолу). Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру,дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау. …

Классному руководителю
«Ата салтым — асыл қазынам»

Ашық тәрбие сабақтың тақырыбы: «Ата салтым - асыл қазынам» Мақсаты: Ұлттық сананы ояту, тәрбиелеу, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Ана тілін, ділін, дінін, оның тарихын, мәдениетін,өмірін,кәсібін қастерлеп, салт-дәстүрін, рухани- мәдени мұраларын менгеру. Мұғалім: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» …