«Мектепалды даярлық топтарында ойын технологиясының маңызы» баяндама

Тақырыбы : Мектепалды даярлық топтарында ойын технологиясының маңызы

Тәрбие – баланың  дүниеге  келген  сәтінен  басталады. Мектеп  жасына  дейінгі  баланы  дамытатын,  өсіретін  әрі  тәрбиелейтін  негізгі  іс - әрекет – ойын. Ойын  арқылы  бала  өзін  қоршаған  ортамен,  табиғатпен,  қоғамдық  құбылыстармен,  адамдардың  еңбегімен,  қарым- қатынастарымен  танысады. Халқымыз  ойындарды  тек  балаларды  алдандыру,  көңілін  көтеру  әдісі  деп  қарамай,  жас  ерекшеліктеріне  сай  олардың  көзқарастарын,  мінез – құлқын  қалыптастыру  құралы  деп  ерекше  бағалаған.  Ойын  негізінен  балаларға  дене  шынықтыру  және  эстетикалық  тәрбие  берудің  маңызды  құралы. Ойын  балаларды  ұйымшылдыққа  үйретеді. Ойынның  түрлері  көп, соның  ішінде  маңыздысы – дидактикалық  ойын.  Бұл  ойынның  пайдасы -  баланың  ой - өрісінің  қалыптасуын,  дамуын  мақсат  етіп  қояды. Сондай – ақ  балалардың  адамгершілік  сезімін  оятуға,  адамдармен  дұрыс  қарым – қатынас  жасау,  еңбек  адамдарына,  басқа  ұлт  өкілдеріне,  достық,  туған  жеріне  сүйіспеншілік  сезіміне  тәрбиелеуге  көңіл  бөлінеді.  Дидактикалық  ойындар – балалар  үшін  өзіне  тән  жүру  барысы,  мақсаты,  маңызы  бар  әрекет.  Ойындарды  бала  тәрбиесіне  енгізу  үшін  тәрбиешілер  көптеген  жұмыстарды  атқарады.

        Дидактикалық  ойындарды  тиімді  пайдалану  сабақтың  әсерлігін,  тартымдылығын,  белсенділігін,  баланың  ынтасын  күшецтеді.  Ойын  ережесі  балалардың  түсінуіне  оңай,  қарапайым,  әрі  қысқа  болуы  керек.  Кейде  ойынның  мазмұны,  ережесі  балаларға  дұрыс  түсіндірілмейді  де,  балалар  оған  қызықпайды,  зейін  қойып  тыңдамайды. Оның  үстіне  дидактикалық  материалдар  мен  көрнекіліктерге  жеке  көңіл  бөлу  керек.  Балалардың  таным  қабілетін,  логикалық   ой - өрісін  кеңейтіп,  сабаққа  ынтасын  арттыруда  дидактикалық  ойындарды   ұтымды  пайдаланудың  маңызы  зор.  Балаларға  алдарына  қойылған  дидактикалық  тапсырмаларды  өз  беттерінше  орындау  үшін  тәрбиеші  көркем  әдебиет  оқып  беру,  алдын – ала  жұмыс  жүргізу  керек.

 

Дидактикалық  ойындар  үш  топқа  бөлінеді:

  1. Заттық  дидактикалық  ойындар – дидактикалық  ойыншықтармен  және  түрлі  ойын  материалдарымен  ұйымдастырлады.

  2. Ұстел  үстінде  ойналатын  дидактикалық  ойындар – «Лото», «Домино»  және  тағы  басқа.

  3. Сөздік  дидактикалық  ойындар.

 

        Дидактикалық   ойын  балалардың  қоршаған  орта  туралы  түсінігін  кеңейтеді,  баланы  ойнай  білуге  баулып,  ақыл – ой  қызметін  қалыптастырады,  әрі  адамгершілікке  тәрбиелеу  құралы  болып  табылады. Дидактикалық  ойынның  ережелері  балалардан  ұстамдылықты,  тәртіптілікті  қажет  етеді. Сонымен  қатар  дидактикалық  ойлау  қабілеттерін,  ізденімпаздығын  арттырады,  сөздік  қорларын  молайтуға  көмектеседі. 

Балалардың  сабаққа   қызығушылықтарын  арттырады,  белсенділік  танытып,  бағдарламалық  материалдарды  меңгеруіне  ықпал  етеді.

            Дидактикалық  ойындардың  тиімділігі -  сабақтың  әр  кезіндегі  орны  мен  міндетін,  мақсатын  дәл  анықтауға,  оны  қолданудың  теориясы  мен  практикасын  тәрбиешінің  жетік  меңгеруіне,  шеберлік  танытуына,  ойынға  қажетті  материалдарды  алдын – ала  дайындап  алуға,  балаларды  белсенді  қатыстыруға  байланысты. Ойындарды  өткен  сабақты  қайталау,  естеріне  түсіру  кезінде  қолданған  пайдалы.

            Ойын  түрлерін  сабақ  мазмұнына  қарай  белгілі  бір  мақсатта  таңдап  алу  керек.  Мазмұнды  ойындарды  қайталй  бермеу  керек,  ол  үшін  өтілетін  сабақтың  тақырыбына  сәйкес  келетін  ойын  түрлерін  күні  бұрын  реттеп  оны  жүргізудің  тиімді тәсілдерін ойластыру  керек.  Барлық  сабақтарда  дидактикалық  ойындар  қолданылады,  оны  сабақтың  ортасында  қолданған  ыңғайлы. Мысалы сауат ашу  сабағында  дидактикалық  ойындар  балаларды  тәрбиешінің  айтқанын  дұрыс  ұғып,  оны  тыңдай  білуге,  дыбыстарды  ажыратып,  ойды  сақтап,  сөз  құрастыруға,  олардың  ой - өрісін  дамытуға  үйретеді.

Сабақтың  қызықты,  тартымды  өтуі  үшін    дидактикалық  ойындарды  дұрыс  ұйымдастыру  керек.  Ойынға  керекті  құралдар  әр  балаға  жеткілікті  болу  керек,  сонда  ғана  балаларға  түсінікті  болады.  Дидактикалық  ойындардың  құралдары  ұзақ  уақыт  сақталуы  үшін  эстетикалық,  гигиеналық  талаптарға  сай,  әдемі  қораптарда,  қалталарда  тұру  керек.

 

Комментариев нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

8 + 1 =

Классному руководителю
Ауған соғысына қатысқан жерлестеріміз

Тақырыбы: Ер есімі – ел есінде Мақсаты: Ауған соғысы жайлы мағлұмат беру, Ауған соғысына қатысқан жерлес жауыңгерлермен таныстырып, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ете отырып, Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу; Көрнекілігі: Слайдтар, видео сюжет, буклеттер, фотоапарат, Өтетін орны: Акт залы Өту барысы: І. Кіріспе …

Классному руководителю
Қазақ әдебиеті бойынша сабақ жоспары «Ш.Құдайбердіұлы» (10 сынып)

Күні: Пәні: Сыныбы: Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы және оның өмірі мен шығармашылығы (жалпы шолу). Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру,дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау. …

Классному руководителю
«Ата салтым — асыл қазынам»

Ашық тәрбие сабақтың тақырыбы: «Ата салтым - асыл қазынам» Мақсаты: Ұлттық сананы ояту, тәрбиелеу, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Ана тілін, ділін, дінін, оның тарихын, мәдениетін,өмірін,кәсібін қастерлеп, салт-дәстүрін, рухани- мәдени мұраларын менгеру. Мұғалім: «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» …