«Көміртек. Табиғаттағы айналымы» 10 сынып

hello_html_78347064.gif

Тақырыбы: Көміртек. Табиғаттағы айналымы

Сыныбы: 10

Химия пәнінің мұғалімі: Ипатурова Бағдагүл

Сыныбы: 10 .

Тақырыбы: Көміртек. Табиғаттағы айналымы.

Мақсаты:

Білімділік: Көміртектің физикалық және химиялық қасиетімен таныстыру, аллотропиялық түр өзгерісі жайлы түсінік беру және айырмашылығын анықтау. Көміртектің табиғаттағы айналымы және көмірқышқыл газының тірі организмдегі айналымы туралы мағлұмат беру. Адсорбция және фотосинтез ұғымдарына түсінік беру.

Дамытушылық: Химиялық элементке жалпы сипаттама беру, реакция теңдеуін құру және кристалдық тор ұғымын қайталап, тереңдете түсу. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тез ойлауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Еңбектену іскерліктерін арттыра отырып, оқушылардың танымдық белсенділіктері мен ой - өрісін дамытып, шығармашылыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, ізгілікке және экологиялық ойлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, периодтық жүйе. Зертханалық құрал- жабдықтар.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты игерту.

Әдіс - тәсілі: Ауызша баяндау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

- Сәлемдесу.

- Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Үйге тапсырма: §8.3. №4,5,6. 205 бет

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Кім жылдам ?» ойыны

  1. Қанша бейметалл бар?

  2. Бейметалдардың топырақтағы массалық үлесі қанша?

  3. Адам денесі массасының қанша пайызын құрайды ?

  4. Бейметалдардың иондану энергиясы және электортартқыштығы метелдармен салыстырғанда қандай?

  5. Период және топ бойынша атом радиустары,электртерістілігі қалай өзгереді?

  6. Бейметалдардың кристалдық құрылымындағы атомдар арасында химиялық байланыс қандай ?

  7. Бейметалдар мен металдардың физикалық қасиеттерінің айырмашылығы неде?

ІV. Жаңа сабақ:

  1. Хат оқу.

Кімге: 10- сыныбына

«2030-дың біз барысымыз,

Жетістікке бастайды әр ісіміз.

Өркениетті елімізді көркейтетін

Химияны оқу парызымыз.»

Кімнен: Менделеев үйі,4 подъезд, 2 қабат, 6 пәтерінің тұрғыны.

Бұл қай элемент екен? Периодтық жүйеден қарап көрейік.

- Көміртек.

Көміртек металл ма, бейметалл ма? - Бейметалл.

Аhello_html_5f36bae7.gifhello_html_34195a65.gifhello_html_m7eaa7d36.gifшылу тарихы Қосылыстары Қасиеттері

Қhello_html_10231386.gifhello_html_m36d2df2a.gifhello_html_m6f747116.gifhello_html_m441d7c7e.gifұрылысы Көміртек Алынуы

Қолданылуы Табиғатта таралуы

hello_html_m149fe5f2.png

hello_html_m3f4fa671.png

Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері

Алмаз Графит

hello_html_m6e1ee9f5.gifhello_html_m18e39c3e.gif hello_html_3d36bf4b.jpghello_html_2181fe6.jpg

Карбин Фуллерен

hello_html_m31d2cacc.jpghello_html_m6e1ee9f5.gifhello_html_m4c5c6167.jpghello_html_51c8bf3f.jpg

Алмаздың кристалл торындағы (тетраэдр пішінді) әрбір көміртек атомы, айналасындағы бірдей қашықтықта орналасқан басқа төрт атоммен ковалентті байланысады. Бұл байланыстардың беріктігі барлық бағыттарда бірдей, сондықтан алмаз - өте қатты, мөлдір, түссіз, электр тогын өткізбейді. Алмаз өте қатты зат болғандықтан бұрғы, егеу, шыны кескіш ретінде қолданылады.Ал мөлдір болғандықтан асыл тас ретінде әшекейлік бұйымдар жасауға пайдаланылады.

Графиттің – алтыбұрышты призма тәріздес кристалл торында атомдар қабатталып орналасады және бір жазықтықта орналасқан атомдарға қарағанда, әртүрлі жазықтықта орналасқан атомдардың арақашықтығы әлдеқайда үлкен болады. Осыған сәйкес графит жұмсақ мөлдір емес, металдық жылтыры бар сұр түсті зат, электр тогын біршама жақсы өткізеді. Графит, оңай үгілетін зат, қағаз бетіне ізін қалдырады. Сондықтан қарындаштың өзегін жасауға, электродтар жасауға, техникада «құрғақ май» ретінде қолданылады.

Карбин – қара түсті ұнтақ. Көміртек атомдары бір түзудің бойында тізбектеліп орналасқан.

Фуллерен – көміртек атомдарынан сфералық құрылымды заттар – фуллерендер синтезделеді. Олар көміртек атомдарының белгілі бюір сандарынан - С607084 тұратын тұйықталған құрылымда.

Көміртек- суда ерімейді, ағаш көмірі – құрылысы кеуек болғандықтан өз бетінде газдарды, сұйықтарды сіңіреді. Осы қасиетін адсорбция деп атайды.

Бетінде адцорбция жүретін заттарды адсорбенттер, ал сіңірілетін заттарды адсорбаттар деп атайды.

Егер, мысалы алдымен сия ерітіндісіне активтелген көмір таблеткасын салып шайқап,сосын сүзсек, фильтратта түссіз сұйықтық су болады. Себебі еріген сия молекулаларын көмір сіңіріп алады. Мұнда: көмір – адсорбент,сия- адсорбат.

hello_html_3bb96c55.png

Көміртектің химиялық қасиеті:

0 +4

А) Тотықсыздандырғыш қасиеті: С -4 е- → С

Өзгерісті жүзеге асыр.

СО ← С + СuO

СО2

Б) Тотықтырғыш қасиеті: С + 4е- → С

С + ?→ СН4

В) Белсенді металдармен немесе олардың оксидтерімен

әрекеттесіп, карбидтер түзеді.

Са + С

СаО + С →

Көміртек – тірі табиғатта маңызы зор элемент. Фотосинтез процесі нәтижесінде көмірқышқыл газын өсімдік сіңіріп, органикалық заттарға айналдырады. Олармен жануарлар, адамдар қоректенеді және тыныс алу арқылы қайтадан атмосфераға шығарады.

Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтары әрі қарай шіру процесінің нәтижесінде , жанғыш кенге . яғни тас көмір , мұнай және табиғи газға айналады.Оларды өндіріп, отын ретінде пайдаланып жаққанда түзілген көміртек диоксиді тағы да атмосфераға қайтады. Осылайша табиғатта көміртектің айналымы үздіксіз жүріп жатады.

hello_html_m5aec9fce.png

Көміртектің табиғаттағы айналымы.

hello_html_5e7ac8f8.png

Көмірқышқыл газының тірі организмдегі айналымы.

Көміртектің табиғаттағы айналымы тіршілік үшін өте маңызды процесс – фотосинтез арқылы іске асады.

V. Деңгей бойынша тапсырмалар.

VI. Бекіту.

VІI. Қорытынды, бағалау.

Семантикалық карта

Элемент

Физикалық

қасиеті

Атомдық құрылысы

Алынуы

Қолданылуы

қатты

қатты

жұмсақ

газ

1s22s2 2p2

hello_html_51c8bf3f.jpg

hello_html_4d462951.jpg

hello_html_m6e1ee9f5.gif

hello_html_m6e1ee9f5.gif

Ағаштан

Тау жы- нысынан

Бос күйінде

әшекей

бұйым

отынға

резенке, бояу

карандаш жасауда

Көмір тек

Алмаз

Гра фит

Фулле рен

Карбин

Комментариев нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

72 − 63 =

Химия
MR вещества (NH4NO3)

MR вещества (NH4NO3) Mr(NH4NO3) = 14 + 1 * 4 + 14 + 16 * 3 = 80 Это определяется очень просто: откройте Периодическую систему, находите знак элемента и его атомную массу. Если в молекуле несколько атомов, на что указывает индекс (цифра внизу около знака), тогда умножаем массу одного атома …

Химия
что такое электронные пары и как они связаны с ковалентной свзью

что такое электронные пары и как они связаны с ковалентной свзью Ковалентные связи основаны на электроннных парах, на неспаренных электронах. Например ковалентная полярная связь основана на электроотрицательности, т.е. способности атома притягивать к себе общие электронные пары, причем, чем электроотрицательней элемент, тем сильнее он притягивает общие электронные пары, и чем электроотрицательней …

Химия
Составьте уравнение гидролиза соли Na2SO3 По какому иону идет гидролиз Укажите среду

Составьте уравнение гидролиза соли Na2SO3 По какому иону идет гидролиз Укажите среду Na2SO3+2HOH=2NaOH+H2SO3(H2O+SO2) Гидролиз необратимый, по аниону, среда щелочная Na2SO3+HOH=NaHSO3+NaOH SO3(2-) +HOH=HSO3(-) + OH(-)-гидролиз по аниону,среда щелочная. Гидролиз идет по 1-ой ступени. Экспорт в PDF